Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қарағанды облысы

Шынықсаң - шымыр боласың

Шынықсаң - шымыр боласың

Сарытерек ауылының Ж.Кеңесбаев атындағы ЖОББ мектептің спорт алаңында  «Қарлы қыс» қысқы спортакиядасының І кезеңі өтті.

Ел мүддесі мен ұлт саулығын үнемі басты назарда ұстайтын Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты үндеуінде бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыру қажет екенін айрықша атап өткен болатын. Жолдау аясында еліміздің барлық өңірлерінде спорт саласы қалыпты жолға қойылып, жоспарлы жұмыстар оң нәтижесін беріп жатыр. Қалалық жерлерде тұрғын үй аулаларында шағын спорт алаңқайлары бой көтеріп халық игілігіне берілсе, ауыл-аймақта түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен жандарға жан-жақты қолдау білдіруде.

Атап айтар болсақ Сарытерек ауылының Ж.Кеңесбаев атындағы ЖОББ мектептің спорт алаңында  «Қарлы қыс» қысқы спортакиядасының І кезеңі өтті. «Жаны саудың, тәні сау» деген қанатты сөзді басшылыққа алған ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары жарысты бастап шығып, мектеп ұжымының жас мұғалімдері мен ауыл азаматтары бір кісідей қолдап, қоштады. Сарыарқаның сарышұнақ аязына қарамастан, барлық қатысушылар үлкен құлшыныспен қатысты. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А.Шәкіров, аудындық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Сейсекеев пен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол бөлімінің жатықтырушы М.Омарбеков және Ж.Кеңесбаев атындағы ЖОББ мектептің дене шынықтыру мұғалімі Ж.Шакаримов спорттық сайысты  бақылап, жүргізді. Ауылымыздың спорт сүйер азаматтары Ү.Талғатов пен мектептің АӘД мұғалімі А.Шарзадин шаңғы жарысына қатысып, жақсы нәтижелерімен көзге түсті. Спортакиялық сайысқа түскен барлық қатысушылар жеңіс тұғырына көтеріліп, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі дайындаған дипломдарымен марапатталды. Қатысушылардың ендігі мақсаты кіл мықтылар бас қосатын аудандық спортакиядада топ жарып, жеңімпаз атанып қайту.

Еліміздігі осындай бұқаралық спорт түрлерін дамыту, насихаттау біз секілді жастардың алдында тұрған басты міндет. Елбасының 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялауы барлық жастарды қанаттандырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Жігерлі жастарымыз сенім артқан Елбасының жүктеген жауапкершілігін үлкен абыроймен атқарып шығады деген сенімдеміз.

басқа жаңалықтар