Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қарағанды облысы

ЖАҢА жинақ–ЖАН байлығы

ЖАҢА жинақ–ЖАН байлығы

Тасарал ауылының тумасы, белгілі сазгер Наурызбай Бейсекеевтің «Туған жер–алтын бесігім» атты әндер жинағы жарыққа шықты.

Тасарал ауылының тумасы, белгілі сазгер Наурызбай Бейсекеевтің «Туған жер–алтын бесігім» атты әндер жинағы жарыққа шықты.

Алматы қаласында басылып шығарылған әндер жинағына сазгердің әр жылдары жазылған және елімізге белгілі өнер жұл-дыздарының орындауындағы халыққа танымал әндері топтастырыл-ған. Солардың қа-тарында халық арасына кеңінен таралған, «АБК» тобының орындауындағы Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған «Ауылымды сағындым» әні. Бұл әнге кезінде арнайы клип түсірілген. Сондай-ақ, ән жинаққа «Қарақат» мектеп студиясының шәкірттері орындап жүрген Оңталап Нұрмахановтың сөзіне жазылған «Сәукеле» әні, әншілер Мирас пен Құралай, Саят Әбдіғали, Нұрсаят Серікбаев орындап жүрген жерлесіміз Жанагүл  Мұқышеваның сөзіне жазылған «Туған жер–алтын бесігім» әндері енген.

Наурызбай Жиманұлы  40-қа жуық әндердің авторы. Әндердің сөздерін Қазақстанға танымал ақындар жазған. 17 жасынан өнерге талаптанған Наурызбай Бейсекеев халықтың сүйікті ақындары  Тұманбай Молдағалиев, Кәкімбек Салықов, Ғалым Жайлыбайдың өлеңдерімен қоса, Көбен Бекмағанбетов, Мейрам Аймағанбетов, Жұмағұл Шөженов, Қуандық Сәденов, Мерғазы Кенжебеков, Бақытжан Әрінов, Ілияс Мұқай, Айгерім Әуезханова сияқты жерлес ақындардың өлеңдерін әуезді әнге айналдырған талантты сазгер.

Сазгер жерлесіміздің әндерінің көп-шілігін Саят Медеуов, Айгүл Қосанова, Асқар Жүнісбеков, Нұржан Қалжан, Нұрсаят Серікбаев сынды қазақстандық эстрада жұлдыздарымен қатар, балқаш-тық әншілер Асхат Игенбеков, «Ай-Ару» тобы орындап жүр.

2016 жылы тамыз айында Мирас пен Құралай дуэті орындаған «Тасарал вальсі» әніне бейнебаян түсірілді. Бұл әннің сөзін жазған Тасарал ауылы-ның тумасы Жұмағұл Шөженов.

      Наурызбай Жиман-ұлы екі фильмнің саунтрегіне ән жазған. Оның бірі – режиссер Қаршыға Игеннің «Ғұмыр өтер» киносына жазылған «Ғұмыр өтер» әні. (Ілияс Мұқайдың сөзіне жазылған бұл әнді балқаштық әнші Ерқанат Сәдуақасов орындайды). Келесі, (бұл әннің мәтінін Ілияс Мұқай жазған.) «Әдемі келіншек» киносына жазылған «Сүйгенім» әніне әнші Аққыз Құнарбекованың орындауында саунтрек түсірілген.

Наурызбай Бейсекеевтің «Туған жер-алтын бесігім» атты аудиодискісінің шығуына тікелей басшылық жасап, өңдеп, жинақтаған Қазақстанға белгілі сазгер, продюсер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Бағлан Омаров.

Міне, жуырда осы елімізге танымал сазгер жерлесіміз Наурызбай Бейсекеевтің «Туған жер–алтын бесігім» атты жаңа ән жинағының тұсауы Тасарал ауылында кесіліп, сазгерге үлкен құрмет көрсетілді. Сазгерді барша ауылдастарының атынан ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ерғали Аймағанбетов жаңа ән жинағының шығуымен құттықтап, шығармашылық зор табыс тіледі.

Иә, тасаралдықтар туындыларын қазақ эстрада жұлдыздары таласа орындап жүрген Н.Бейсекеев сынды сазгер жерлестерінің есімін әрқашан мақтан тұтады.

Табаның туған жерге тіреп, білім беру саласында тынбай еңбек етіп, өнерін өміріне өрнек еткен Н.Бейсекеевтің жаңа ән жинағының тұсауын кесу шарасын, жалпы шығармашылық кешін ұйымдастыру ісін аудан, облыс қала берді республикалық дәрежеде қолға алса да,  еш артық болмас еді деп ойлаймыз.

Сұлу сазды әндерімен халқына рухани азық сыйлап, шалғай ауылда өнердің отын маздатып отырған талантты сазгер жерлесіміз Наукеңе барша тасаралдықтар «Алдағы уақыттарда да тамаша туын-дыларыңызбен өнерсүйер қауымды тамсантып, шығармашылық шыңдарын бағындыра беріңіз» деген ізгі тілектерін арнады.

басқа жаңалықтар