Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қарағанды облысы

Жалаңаштағы жағымды жаңалық

Жалаңаштағы  жағымды жаңалық

үре жол бойындағы  Жалаңаш ауылы өткен апта-ның аяғында мәні жоғары, өскелең ұрпаққа ұлағат болар жағымды шараның куәсі болды.

Күре жол бойындағы  Жалаңаш ауылы өткен апта-ның аяғында мәні жоғары, өскелең ұрпаққа ұлағат болар жағымды шараның куәсі болды.

Бұл игілікті шара ауданнан бастау алып, оның әрі қарайғы есте қалар-лықтай  өтуіне ауыл тұрғындары да ат салысты. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  негізінде «Ауыл күні» аясында Жалаңашта  балалар спорт алаңының ашылуын тұрғындар арқа-жарқа шадыман көңілмен құптап, оны ұлан-асыр мереке ретінде  атап өтті. Халқымызда «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген ұлағатты тәмсіл сөз бар. Шындығында періште көңіл, жүрегі таза балаға жасаған жақсылық өмір бойы оның көңіл түкпірінде ұялап қалады. Дәл осындай ізгілікке толы шаралар баланың өз елін, жерін құрметтей алатын шынайы патриоты етіп тәрбиелеуге ба-рынша ықпал етеді.

Шағын ауыл бұл күні барынша жасанып,той салтанатына сай киіз үйлер тігіліп, алуан түсті шарлармен көмкеріліп, мере-келік жарқын рай сыйлады.  Шағын ғана «Бауырсақ шоу», «Қымыз-шоулар» да мен мұндалап, бал қымыз бен балбырап піскен бауырсақ  келгендерге ұсынылды. Ауылдың Алмагүл, Құрмет сынды  тұрғындары бұл  мәзірдің бас иесі болып, алғысқа бөленді. Осы округтен сайланған халық қалаулысы, атымтай  жомарт азамат Ертай Отыншин де құр  қол келмей,  базарлық ретінде  ауыл балаларына тегін балмұздақ, тәтті сусындар әкеп таратты.

Ән әуелеп, күй шалқыған мерекенің беташарында аудан әкімі Салтанат Әбеуова сөз алып, үрдіске айналған «Ауыл күнінің» Жалаңашта жалғасуы ұлтымыздың мұра болып келе жатқан құндылықтарын қастерлеудің көрінісі екенін, ұлт болашағы болар дені сау ұрпақ тәрбиелеуде мұндай шағын спорт алаңдары оларды шымыр да сергек, салауатты өмірге тәрбиелейтінін, ал сергек адамның әрдайым ойы ұшқыр, санасы таза, атқарған ісінде береке болатынын атап өте келіп, тұрғындарды  игі шараның іске асуымен құттықтады.

  Ата салтымен мерекелік шара үстінде  аудан әкімінің атынан  ауылдың қадірлі қариялары      Жақсылық ақсақал мен Зағым апаға  сый-сияпат тапсырылып, ауылдағы екі отбасының  балаларына спорттық киімдер табысталды.Сондай-ақ, ауыл балаларына төрт доп байғазы ретінде берілді.

    Ізгі тілектер легін аудандық мәслихаттың депутаты  Ертай  Отыншин, ардақты ана Зағым Мұқсиынова жалғап, ауыл жұртшылығына қолдау танытып, елді мекеннің көркін кіргізер жаңа нысандар салуға қаржылай қолдау танытқандары  үшін аудан әкімшілігі, жеке кәсіпкерлерге алғыстарын  жаудырды. Айта кетейік, бұл балалар  спорт алаңын  пайдалануға беруде ат салысқан жеке кәсіпкер Жасұлан Маясаровтың (ИП» Маясаров») еңбегі де атап айтуға тұрарлық.

Спорт алаңының лентасын Жақсылық ата мен Зағым апа қиып, әжелер шашуларын шашты. Ауылдың жас өнерпаздары мерекелік ән-шашуларын жолдап, Сәуле, Үшарал. Жалаңаш ауылдарынан төрт команда шығып, футбол жарысының көрігін қыздырды. Жақсы ойын өрнегін көрсеткен жеңімпаз командаларға да ақ-шалай сыйлық берілді.

Мереке соңында келген қонақтар мен ауыл тұрғындары киіз үйлерден дәм татты.

басқа жаңалықтар