Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қарағанды облысы

«Smart-ферма» нәтижелі жұмыс көрсетуде

«Smart-ферма» нәтижелі жұмыс көрсетуде

Тораңғалық ауылдық округінде көшпелі семинар-кеңес болып өтті.

00

Кеңесті аудан әкімі С.Әбеуова ашып жүргізіп:–«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруға сәйкес, аудан экономикасының аграрлық саласын жаңғыртуға, агроөнеркәсіп кешеніне отандық ғылым жетістіктерін және озық шетелдік технологияны енгізу, саланы білікті жас кадрлармен қамту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің  заманауи аграрлық біліктіліктерін жетілдіру бағытында, сондай-ақ жерді өңдеу және пайдалану, жылыжай, биогумус, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту туралы кеңінен баяндап, бүгінгі басқосудың мақсатына тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселеге орай, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Жаңабергенов ақпарында: – Бүгінгі күні аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында жерді пайдаланушылар саны – 864 және 12 заңды тұлға бар. Қазіргі саланы дамытудағы мақсаттардың бірі – етті ірі қара мал шаруашылығын дамыту аудан бойынша жалпы тұқым түрлендіру бағдарламасына 130 шаруашылықтан 11300 бас ірі қара аналығы қатысуда. Республикалық палатаға 4 шаруашылық тіркелген, олар 400-ден аса асыл тұқымды аналық өсіруде. Алдағы жоспар бойынша шаруашылықты әрі қарай дамыту басты мақсатымыз,–деді.
Семинар-кеңеске қатысушыларды Тораңғалық ауылдық округіне қарасты «АлтынМирасАгро» ЖШС-нің атқарып жатқан ауқымды істерін, аз уақытта жеткен жетістіктерін тәжірибе алмасу мақсатында көруге шақырып, аудан әкімінің орынбасары Қ.Нөкеш бастап, «Сарыжал» қыстауында орналасқан шаруа қожалығына ат басын тіреді. Аталмыш серіктестік директоры Ахат Қадірұлы өзі басшылық жасап отырған «Алтын Мирас Агро» ЖШС өнеркәсіп кешенді шаруашылығының даму перспективалары туралы көшпелі семинарға қатысушыларға өзі ұршықша иіріп отырған шаруа қожалығы жұмыстарын көрсетті. Асыл тұқымды жылқыны өсірудің, оны бүгінгі күні  өсірудің жолдарын түсіндірді. Тіптен, реті келгенде, заман ағымына сай «Smart-ферма» жүйесімен жұмыс жасаудың тиімділігін көрсетті. Бұл қожалық жылқылары чиппен таңбаланып, ақылды техникамен басқарылып отырғандығы семинарға қатысушыларға сабақ болды. Ақбас тұқымды 100-ден аса ???? ірі қара өсіріліп, биылғы жылы  --- шықпақ екен. Бұл дегеніңіз үлкен  маңдай терді қажет ететін жұмыс. Олардың  орналасқан қора-жайлары барлығы-барлығы жоғарғы жағдайда жасақталған. Көшпелі семинарда барлық ауылдық округтен барған ауыл әкімдері, шаруа қожалығы жетекшілері тәжірибе алмасып, қазіргі жаңа технологиялық даму бағытынан қалмай тың өзгерістер енгізуге бұл үлкен бастама болды.
Семинар-кеңесті қорытындылаған аудан әкімі С.Әбеуова: «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында алдағы бесжылдықта аудандағы шаруашылықтармен бірлесе отырып, осы атқарылған шаралар ауданымыздағы ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамуына өз септігін тигізіп, жемісін береді. Бүгінгі келелі кеңесте алмасқан тәжірибе басқа да шаруа қожалықтарында жүзеге асырылуы керек. Ол үшін нақты іске кірісу керек», – деді.

 

басқа жаңалықтар