Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қарағанды облысы

Қоғамдық бақылау–басты назарда

Қоғамдық бақылау–басты назарда

ҚР Президентінің Бес  әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша ашық және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мақсатында «Нұр Отан» партиясымен орталық және аймақтық деңгейлерде қоғамдық кеңестер құрылып, өз жұмысын бастап кетті.

 

 

ҚР Президентінің Бес  әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша ашық және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мақсатында «Нұр Отан» партиясымен орталық және аймақтық деңгейлерде қоғамдық кеңестер құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Кеңестер бастамалардың жүзеге асырылу мәселелерін зерттеп, оларды шешу бойынша ұсыныстар береді және уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді, жергілікті халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын атқарады.    

Облыс әкімінің орынбасары Ж.Әбішевтің қатысуымен және Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты С.Әдекенованың төрағалығымен өткізілген Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында   Қарағанды облысының студенттер аймағы болып табылатынына баса назар аударылды. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде, яғни үшінші әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру табалдырығында облысымыздың 9 ЖОО күндізгі оқуда  27 497 студент білім алатыны, олардың ішінде 19 172-ы (70 % жуығы) басқа елді мекендерден келгені белгілі болды. Бүгінгі таңда жобалық қуаттылығы 90 153 орынды 26 студенттер жатақханасы жұмыс істеп тұр. ЖОО жатақханаларында 8 408 адам (44%) өмір сүріп жатыр. Тума-туыстарында немесе пәтер жалдап тұратын студенттердің саны 4 180 адамды (22%) құрайды. Қоғамдық кеңес ЖОО-мен біріге отырып, студенттердің 9,4 %-на, яғни 1 800 білім алушыға жатақхана қажет екенін анықтады. 

Кеңестің отырысында Қарағанды қаласының ЖОО студенттеріне арналған 3 жатақхананың құрылысы туралы мәселелер қарастырылды. Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің екі жатақханасының құрылысы үшін келесі жер учаскелері белгіленді: 

1. Біріншісі 500 орынға арналған екі блоктан тұратын 9 қабатты жатақхана Ержанов көшесіндегі 9-үй мекен жайы бойынша облыстық балалар ауруханасының территориясында салынатын болды, мұнда ЖОО-на ауданы 0,75 гектар жер бөлінді. Ережелер жинағына сәйкес студенттік жатақханалардың аумағы 1 мың студентке 1,5 гектардан кем болмауы керек. Жатақхананы салатын дайын жобасы бар  «Фаворитстрой» ЖШС бар. ҚММУ-нің балансына жер учаскесін беру бойынша, көрсетілген жер учаскесіне жобаны бекіту және техникалық шарттар мен құрылыс жүргізуге рұқсат алу бойынша жұмыстар басталып та кетті. 

2. 500 орынға арналған екі блоктан тұратын екінші жатақхананы да нормативтерге сәйкес жатақхана салуға қажетті жер учаскесі бар Терешкова көшесі 15-үй мекен жайы бойынша салу жоспарланып отыр.   Бұл территорияда бүгінгі кұні Ұлттық еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығы орналасқан. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоспары бойынша жақын арада ҚММУ мен ҰЕГ және КАО бірыңғай ұйымға - Қарағанды медициналық университеті деген жаңа атаудағы бейкоммерциялық акционерлік қоғамға қайта ұйымдастырылады.  Құрылыс жүргізуші – «Фаворитстрой» ЖШС.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен Ленин көшесі 67-үй бойынша ҚарМТУ территориясында 400 орынға арналған 9 қабатты студенттер жатақханасын салу жоспарлануда.  Жобаланып отырған құрылыстың ауданы 1126,42 шаршы метр, жер учаскесі ҚарМТУ жеке меншігінде. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттарды өзектеу жұмыстары іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар кеңесте ТжКББ ұйымдары да қарастырылды. Облыс бойынша барлығы 73 колледж бар, оның ішінде 44-і облыс әкімдігінің  ведомстволық бағыныштылығында, 3-уі ЖОО-на қарасты, 26-ы жеке меншікте. Колледждерде 34 260 студент білім алуда. Оқу мекемелерінің басшылары көрсеткен мәліметтерге қарағанда басқа қаладан келген 950  студент жатақханаға мұқтаж. Осыған орай келесі жұмыстар жүргізілді.

Бірінші, 225 млн.теңге сомасына Қарқаралы ауыл-шаруашылық колледжінің 100 орынға арналған жатақханасының құрылысы. Жобалық-сметалық құжаттарды құрастыру байқауы тәмамдалуда. Құрылыс 2019 жылы басталады.

Екінші, 3 ғимаратты жатақханаға ыңғайлап қайта құру, қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қаржыландыру мәселелері шешілді. 

Облыстық бюджетті белгілеу барысында үстіміздегі жылдың мамыр айында облыстық мәслихат сессиясының шешімімен Балқаш қаласының медициналық колледжінің 300 студентіне арналған ғимаратты қалпына келтіру үшін 91,5 млн. теңге (қажеттілігі 268,1 млн. теңге болған жағдайда) бөлінді. Жөндеу жұмыстары басталып кетті. Таяуда аталмыш объектіде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Г.К.Бижанова, облыстық мәслихат депутаты, "Нұр Отан" партиясының ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары К.Б.Оспанова, Қарағанды облысының аймақтық Қоғамдық кеңесінің ҚР Президентінің үшінші бастамасы бойынша жұмыс тобының координаторы А.Б.Түкбаева, Балқаш қаласының "Атамекен" палатасы филиалының жетекшісі А.О.Аларин жұмыс сапарымен болып қайтты. Қарағанды қаласының «Пром Строй-XXI»  ЖШС және Астана қаласының  «Астана Көктем» ЖШС мердігерлері бүгінгі таңда кестеге сәйкес жоспарланған жөндеу жұмыстарының 30 % орындап тастады. Депутаттар жөндеу жұмысының объектілерін аралап шығып, медколледждің бастығымен, студенттермен және мердігер құрылыс ұйымдарының жұмыскерлерімен сұхбат құрды. 

Терешкова көшесі 26-үйінде орналасқан Тәттімбет атындағы өнер колледжінің бұрынғы корпусын 70 орынды студенттер жатақханасына қайта жабдықтау мақсатында жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмысына жергілікті бюджеттен   25 млн. теңге бөлінді.  Бұл жатақхана Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттеріне арналып дайындалуда. Шалғайдағы аудандардан келген балалар мен жетім балалар тұратын жатақхана үшін, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК-ң 180 орынды жатақханасын күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 118 млн. теңге бөлініп отыр. Мемлекеттік экспертизадан өткен ЖСҚ дайын.  Байқау жұмыстары өткізілді. Бұл колледждер бойынша жөндеу жұмыстары оқу жылының басталуына дейін аяқталады деп күтілуде. Өзге де жұмыс істеп тұрған студенттік жатақханалардың жөндеу жұмыстары биылғы жылдан бастап кезең-кезеңмен өткізілмек. 

Үшінші. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалгерлік механизмді пайдалана отырып, қарағандылық колледждердің 300-ден астам студенті Мұқанов - 3 көшесінде орналасқан Ж.К.Букенов атындағы жеке меншікті Қарағанды банк колледжінің жатақханасынан оқу жылының басында-ақ орын ала алады.  Бүгінгі таңда бұл колледждің құрылтайшысымен студенттердің жатақханада тұру жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар белсенді түрде жүзеге асырылуда.  

ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша жұмыс топтарының 2018 жылдың екінші жартыжылдығына арналған желілік жоспары құрылған.  Қоғамдық кеңес Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, Құрылыс, сәулет  және қала құрылысы басқармасының, Білім беру басқармасының басшыларына, ЖОО ректорларына, облыс колледждерінің директорларына ЖОО мен колледждерге арналған жатақханалар құрылысын жоспарлау және жүзеге асыру барысында және білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамыту шеңберінде жер учаскелерін белгілеу және инженерлік коммуникацияларды жинақтау барысында қызығушылық танытқан барлық жақтардың өзара байланысын қамтамасыз етуді ұсынды. Студенттер үшін қолайлы болып табылатын, яғни білім беру ұйымдарының территорияларынан немесе жанынан орналасқан жер учаскелерін қарастыру керек. ҚР Президентінің бастамаларын шұғыл және тиімді орындауға ықпалдасатын механизмдерді қарастыру қажет. 

Қоғамдық кеңестің уәкілетті мемлекеттік органдармен, облыстық мәслихатпен, азаматтық қауымдастықтар өкілдерімен, "Нұр Отан" партиясындағы әріптестерімен біріге отырып атқаратын жоспарлы да координацияланған жұмысы аймақтарда ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасына қоғамдық бақылауды тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететініне сенімдімін. 

                       

 

 

басқа жаңалықтар