Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қарағанды облысы

Қарияларымыз сауапты іс жасады

Қарияларымыз  сауапты іс жасады

«Аллаға жағамын десең, азанды бол, халыққа жағамын десең, қазанды бол» демекші, аудан орталығындағы «Ақсораң» мешітінің қазығы қағылып құрылыс жұмыстарының басталып кеткені баршамызға мәлім. Осы уақытқа дейін  жамағат, ауылымыздың жастары мешіт құрылысына  мүмкіндіктерінше көмектесіп, өз қолғабыстарын тигізіп жүр.

Міне, сол үрдісті бүгін ауылымыздың үлкендері жалғастырып, «Ақсораң» мешітінің құрылысына шама-шарықтары келгенше қол көмектерін жасап, үлкен сауапты іс жасады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сыздықов,  Ақтоғай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Таукеев бастаған  қазыналы қарттарымыздың  бұл бастамасы  жерлестерімізге көрсеткен үлгі-өнеге және үлкен бастама. Түс ауғанға дейін  құрылыс басында жұмыс жасаған ақсақалдарымыз, ұйымдаса келе мешіттің құрылысын қалап жатқан 10 жұмыскерді және бүгінгі күні  «асарға» барған «Қаз Мұнай Газ» АҚ-ның азаматтарының басын қосып, «Тоқырауын» дәмханасында ас беріп, хатым құран бағыштады. Ақылман ақсақалдарымыз бастаған үрдісті, алдағы уақытта барлық ауылдастарымыз жалғастырып, құдай үйі мешітке қол ұшын береді деп ойлаймыз. Исі мұсылман қауым бас қосатын мінәжат орнына  «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыла жұмыс жасасақ, Алланың нұр шапағатына бөленеріміз  ақиқат.

басқа жаңалықтар