Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қарағанды облысы

ИСЛАМ діні—АДАМГЕРШІЛІККЕ бастар үлкен жол

ИСЛАМ діні—АДАМГЕРШІЛІККЕ бастар үлкен жол

Мұсылман әлемі мен мәдениеті өте ежелгі әрі тарихи оқиғалардан құралған. Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең таралған дін. Мың жылдан астам уақыт бойына ата - бабаларымыз осы ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсыл-ман атанып келеді. Рухани тазалықтың, ар - ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт. Осы мақсатта ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, адамның ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа шақыру мақсатында  өткен аптада «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің теологы Ж.Хушкелдиев  өңірімізге қарасты Тасарал, Сарышыған, Ортадересін ауылдық округтерінде  және Шашубай кентінде "Дін мәселелері туралы" түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мұсылман әлемі мен мәдениеті өте ежелгі әрі тарихи оқиғалардан құралған. Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең таралған дін. Мың жылдан астам уақыт бойына ата - бабаларымыз осы ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсыл-ман атанып келеді. Рухани тазалықтың, ар - ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт. Осы мақсатта ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, адамның ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа шақыру мақсатында  өткен аптада «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің теологы Ж.Хушкелдиев  өңірімізге қарасты Тасарал, Сарышыған, Ортадересін ауылдық округтерінде  және Шашубай кентінде "Дін мәселелері туралы" түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Теолог  Ж.Хушкелдиев сондай-ақ  халықпен кездесуінде: – Алла тарапынан білдірілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды. Дін – үлкен ғылым. Ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді.

Қасиетті Құран кітабын дәрет алып қолға ұстағанда «Биссмиллаһир - рахманир - рахим» деу керек. Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық жолға бастайды.

Мешіт – Алла үйі, қасиетті инабат, ғибадат орыны. Мешітке оң аяқпен сәлем беріп кіреді. Мұнда төрге, орынға таласпайды, әдепсіз сөйлеуге болмайды. Әр мұсылман Алла үйіне құрметпен қарауға міндетті. Ата-бабамыз ұстанып бүгінге дейін  ешқандай бұзылмай өзгеріссіз жеткен дініміз бен ұлттық тәрбиеміз біте қайнасып кеткен. Сыртқы күштердің әсерінен түрлі ағымдарға бөлінген арандатушыларға тосқауыл қою тәуелсіз мемлекетімізде тұратын кез-келген мұсылман қауымның  азаматтық міндеті екендігін тілге тиек етті. Әр елді мекенде  жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп,   түсіндірілді.

басқа жаңалықтар